Accessibility links

Түркия үкіметіне күрдтер партиясы өкілдері енді


Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы. Анкара, 24 шілде 2015 жыл.

Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы. Анкара, 24 шілде 2015 жыл.

Түркияда сайлауға дейін жұмыс істейтін уақытша үкімет құрылды. Ел тарихында алғаш рет үкімет құрамына күрдтерді жақтайтын саясаткерлер еніп отыр.

Жұма күні премьер-министр Ахмет Дәуітоғлы жасақтаған үкіметке оппозициялық күштерден күрдтердің Халықтық демократиялық партиясының өкілдері Әли Хайдар Қонжа (Еуропа Одағымен байланыс министрі) және Мүслім Доған (даму министрі) тағайындалды. Биліктегі «Әділет және даму» партиясынан 11 адам жаңа үкіметке мүше.

Сонымен бірге, премьер-министр орынбасарларының бірі болып оппозициялық ұлтшылдар партиясының өкілі Тұғрыл Түркеш тағайындалған.

Биліктегі «Әділет және даму» партиясы ұлтшылдармен коалиция құру туралы мәмілеге келе алмаған соң, жаңа үкімет құрамын ел президенті Режеп Тайып Ердоған бекіткен.

Түркияда кезектен тыс парламент сайлауы биылғы қарашаның 1-іне белгіленген.

XS
SM
MD
LG