Accessibility links

Сербия президенті Астанаға Косово жайлы ұстанымы үшін разы


Сербия президенті Томислав Николич.

Сербия президенті Томислав Николич.

Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия президенті Томислав Николич жұма күні Ақордада ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде, ресми Астананың «тәуелсіздік туралы Косовоның біржақты шешімін мойындамағанын және әртүрлі халықаралық ұйымдарда Сербияға қолдау білдіріп келе жатқанын айрықша бағалайтынын» мәлімдеген.

Жергілікті ақпарат агенттіктері Николичтің Назарбаевтан «Сербияның Косоводағы мәдени мұрасын қорғауға жәрдем танытуды сұрағаны» туралы хабарлаған.

Сонымен бірге Николич Сербияның еуропалық интеграцияға бейіл екенін мәлімдеген.

Нұрсұлтан Назарбаев екі тараптың Еуразиялық экономикалық одағының біртұтас рыногы аясындағы әріптестік мүмкіндіктерін талқылағанын, Сербия президентінің өз елі үшін «Фиат» автокөліктері экспорты жарқын нышан екенін айтқанын мәлімдеген.

Кездесу соңында Николич Назарбаевқа Сербия орденін тапсырған.

XS
SM
MD
LG