Accessibility links

Астанада ядролық сынақ құрбандарын еске алды


Семей полигонында алғашқы ядролық қару сынағының (1949 жылы 29 тамызда жасалған) эпицентрі болған жерде тұрған адамдар.
Семей полигонында алғашқы ядролық қару сынағының (1949 жылы 29 тамызда жасалған) эпицентрі болған жерде тұрған адамдар.

Астанада бүгін ядролық қару сынақтары құрбандарын еске алу шарасы ұйымдастырылды. Бұл күндері дзю-додан әлем чемпионаты өтіп жатқан «Алау» мұз айдыны сарайының алдында өткен шараға қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, аспанға шарлар ұшырды.

Акцияға спортшылар мен «АТОМ» жобасы белсенділері қатысты. Ресми ақпарат бойынша, бұл жоба 2012 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен басталған.

«АТОМ» жобасының өкілі, суретші Кәріпбек Күйіковтің айтуынша, әуеге ұшырылған 500 ақ шар 40 жыл бойы Семей полигонында 500 рет жасалған ядролық қару сынақтарының санын білдіреді.

1991 жылы тамыздың 29-ы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы жарлығына қол қойған еді.

XS
SM
MD
LG