Accessibility links

Читада Қытай компаниясына жер беруге қарсы жиын өтті


Шығыс Сібір генерал-губернаторы Николай Муравьев-Амурскийге Читада қойылған ескерткіш. (Көрнекі сурет)
Шығыс Сібір генерал-губернаторы Николай Муравьев-Амурскийге Читада қойылған ескерткіш. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ресейдің Чита қаласында сол аймақтан Қытайдың Huae Xingbang (Хуаэ Синбан) компаниясына 115 мың гектар жерді жалға беруге қарсы наразылық жиыны өткен.

Наразылық акциясын ұйымдастырушылар жергілікті биліктің бірлескен кәсіпорындағы қытай жұмысшыларының үлесі 25 пайыздан артық болмайды деген уәдесіне сенбейтіндерін мәлімдеген. Белсенділер Ресейде шетелдік жұмысшы күшін реттейтін механизмдер қарастырылмағанын айтқан.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Читадағы наразылық акциясына 150-ге жуық адам жиналған. Коммунистермен қоса ол жиынға қатысқан «Партия дела» ұйымы өкілдері қолдарына «Шетелдіктерге сүйем жер берілмесін», «Жерімізді бермейміз», «Біздің жер! Біздің ел! Біздің қала!» деген жазулар ұстап шыққан.

Маусым айында қытайлық компания мен Забайкалье үкіметі арасында қытай тарапына Нерчинск-Заводской, Улетовск, Сретенск, Шилкинск аудандары мен Бурят округінен жалпы көлемі 115 мың гектар жерді 49 жылға жалға беруді көздейтін ниет хаттамасына қол қойылған болатын.

XS
SM
MD
LG