Accessibility links

Үкімет Ұлттық қордан кепілді трансферт бөлуді мақұлдады


Астанадағы қаржы министрлігі ғимараты. (Көрнекі сурет)
Астанадағы қаржы министрлігі ғимараты. (Көрнекі сурет)

Бүгін Қазақстан үкіметі қарап, мақұлдаған әлеуметтік-экономикалық блокқа енетін заң жобалары арасында «2016-2018 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілді трансферттеу туралы» заң жобасы да бар деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. Заң жобасында жыл сайын 2,3 триллион теңге көлемінде кепілді трансферт бөлу көзделген.

Сонымен бірге, сенбі күні үкімет отырысында «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралған.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, биылғы жылдың бюджетінде Ұлттық қордан берілетін кепілді трансферт 1,702 триллион теңге көлемінде белгіленген.

XS
SM
MD
LG