Accessibility links

Алматыдан 328 шақырымда жер сілкінген


Жер сілкінісін тіркейтін аспаптың жазбасы. (Көрнекі сурет)

Жер сілкінісін тіркейтін аспаптың жазбасы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат түнгі 2:26 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 328 километрде 5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, бес километрге дейінгі тереңдікте болған. Энергетикалық класы - 11,3.

Жер сілкінісі Алматы облысында сезілмеген. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG