Accessibility links

ЕО: теміржолда қауіпсіздік шарасы күшейеді


Thalys жүйрік пойызындағы қарулы шабуылда жараланған адам. Франция, 21 тамыз 2015 жыл.

Thalys жүйрік пойызындағы қарулы шабуылда жараланған адам. Франция, 21 тамыз 2015 жыл.

Еуропада теміржол көлігінде қауіпсіздікті нығайту үшін жаңа шаралар қолға алынады. Бұл туралы ЕО-ға мүше елдердің сенбіде Парижде өткізген шұғыл кездесуінен соң Франция ішкі істер министрі Бернар Казнев мәлімдеген.

Бұл кездесуге тамыздың 21-і күні Амстердамнан Парижге қатынайтын жүйрік поезда жасалған шабуыл себеп болған. Сол жолы үш жолаушыны атып жаралаған қарулы адамды батылдық танытқан өзге жолаушылар жабылып ұстап, байлап, пойыздағы көп адамның өмірін ажалдан аман алып қалған еді.

Казневтің айтуынша, енді Еуропада теміржолға қатысты бірнеше жаңа ереже енгізіледі: станцияларда жолаушылардың жеке басы мен жүгіне бақылау күшейтіледі, атыс қаруына қатысты заң қатаңдатылады, сонымен бірге Еуропа елдерінің арнайы қызметтері бұрынғыдан да тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатуы тиіс.

Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьер ЕО-қа мүше елдердің барлығына күн сайын теміржол көлігімен жолға шығатын миллиондаған адамды бірден тексеруге кірісу мүмкін болмаса да, бұл салада жағдайды жақсарту үшін көп нәрсеге қол жеткізуге болады деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG