Accessibility links

Тәжік президенті өз қызына орден тапсырды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қызы Озода Рахмонға орден тапсырып тұр. Душанбе, 28 тамыз 2015 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қызы Озода Рахмонға орден тапсырып тұр. Душанбе, 28 тамыз 2015 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзінің қызы Озода Рахмонды бірінші дәрежелі «Шараф» («Даңқ») орденімен марапаттады деп хабарлайды Интерфакс.

Озода Рахмонға мемлекеттік награда тапсыру туралы президент жарлығында бұл орден экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет және білім салаларын дамытуға қосқан үлесі, үлгілі мемлекеттік және әскери қызметі мен белсенді қоғамдық жұмысы үшін тапсырылатыны айтылған.

Президенттің қызына бұл мемлекеттік награда өзге де шенеуніктермен бірге Тәжікстан тәуелсіздігінің 24 жылдығы қарсаңында тапсырылған.

37 жастағы Озода Рахмон 2010 жылы қыркүйекте Тәжікстан сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалған. 2013 жылдың қараша айында ол министрдің бірінші орынбасары қызметіне жоғарылаған.

XS
SM
MD
LG