Accessibility links

Назарбаев Қытайға барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин. Шанхай, 19 мамыр 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин. Шанхай, 19 мамыр 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытай астанасы Пекинге барды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қытай президенті Си Цзиньпинмен екіжақты кездесу өткізеді. Сонымен қатар, Қазақстан басшысы саяси және іскер топ өкілдерімен кездеседі» делінген ресми ақпаратта.

Ал қыркүйектің 3-і күні Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арнап Пекинде үлкен салтанатпен өткізілетін парадқа қатысады. Парадқа Қытай армиясы бөлімшілері және техникасымен бірге Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Куба және тағы бірқатар елдердің әскерилері де қатыспақшы.

XS
SM
MD
LG