Accessibility links

Папа Франциск Австриядағы мигранттар қазасын айыптады


Мигранттардың мәйіті табылған фургон. Австрия, 27 тамыз 2015 жыл.

Мигранттардың мәйіті табылған фургон. Австрия, 27 тамыз 2015 жыл.

Рим католик шіркеуі басшысы Франциск 30 тамыз күні Австриядағы мигранттар қазасын "адамзатты масқаралау" деп айыптады. Австрияда 71 мигранттың денесі жол шетінде иесіз тұрған фургон ішінен табылған еді. Римде сөйлеген понтифик әлем жетекшілерін "мұндай қылмыстарды болдырмау мақсатында бірігуге шақырды".

Венгрия билігі жол үстінде тоқтап тұрған рефрижератордан 71 мигранттың мәйіті табылуына қатысы бар деген күдікпен Болгария азаматын тұтқындағанын мәлімдеді. Бұрын бұл іс бойынша, Болгарияның - үш азаматы, Ауғанстанның бір азаматы ұсталған еді.

Еуропаға мыңдаған мигранттар келе бастауына байланысты Ұлыбритания, Франция және Германия қауіпсіздік органдары басшылары "Грекия мен Италиядағы мигранттарды қабылдау орталықтарындағы жағдайды жыл соңына дейін жақсартуға шақырған".

Германия, Франция, Ұлыбритания ішкі істер министрлері "мигранттарды қорғау және олардың жеке басын тез анықтау үшін саусақ бедерлері үлгілері алынуы тиіс екенін" мәлімдеген еді.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс өз елінің "қуғын мен қарулы қақтығыстардан қашқан мигранттарды қабылдайтынын" хабарлаған. Ал Венгрияның оңшыл көзқарастағы премьер-министрі Виктор Орбан "мигранттардың Еуропаның өзіндік болмысы мен гүлденуіне қатер төндіретінін" мәлімдеген.

Жексенбі күні Еуропа Одағы елдерінің ішкі істер және әділет министрлері миграциялық дағдарыс жөнінде қыркүйек айында кездесу өтізетіні хабарланды.

XS
SM
MD
LG