Accessibility links

Назарбаев Қытай компаниялары басшыларымен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Пекинде бүгін қытайлық CNPC (Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы), "Циньхуа" (China Kingho Energy Group) және CITIC Group (China International Trust and Investment Corporation) корпорациялары басшыларымен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев CNPC директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесуінде корпорацияның Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға қатысу жайын талқылаған. Назарбаев корпорацияның Қазақстанда мұнай-газ өндіру, тасымалдау және өңдеу саласында жұмыс істеп жатқанын және корпорацияның биылдан бастап Қазақстан президенті жанындағы шетел инвесторлары кеңесіне кіргенін айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев "Циньхуа" басшысы Хо Циньхуамен кездесуде корпорацияның Қазақстандағы көмір өндіру саласына белсенді қатысуын талқылаған.

Қазақстан президенті Қытайда қыркүйектің 3-іне дейін болады. Сапар барысында Назарбаев Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездеседі. Ал қыркүйектің 3-і күні Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арнап Пекинде үлкен салтанатпен өткізілетін парадқа қатысады.

XS
SM
MD
LG