Accessibility links

Иран екі адамды тыңшылық айыбымен соттады


Иран жоғарғы соты, Тегеран. (Көрнекі сурет)

Иран жоғарғы соты, Тегеран. (Көрнекі сурет)

Иранда АҚШ пен Израильге тыңшылық жасады деген айыппен екі адам 10 жылға сотталды. Ұлттық қауіпсіздікке қатысты істерді қарайтын Иран революциялық соты сотталғандардың аты-жөнін жарияламады.

Революция соты "тыңшылық жасады" деген айыппен соттап жатқан Washington Post басылымының журналисі Джейсон Резаянның адвокаты үкімнің журналиске қатысы жоғын айтты.

Резаян 2014 жылы шілдеде "Иранға қарсы тыңшылық жасады" деген айыппен тұтқындалған. Бұл айып бойынша оған 20 жылға дейін сотталу қаупі бар.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри таяуда Иранды Резаян мен сотталған тағы екі америкалық - АҚШ теңіз әскері сарбазы Амир Хекмати мен пастор Саед Абединиді босатуға шақырған. Амир Хекмати "тыңшылық жасады" деген айыппен 8 жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG