Accessibility links

Сот Хадиджа Исмайылдың соңғы сөзін үзді


Хадиджа Исмайылдың соты өтіп жатқан ғимарат алдында тұрған журналистің жақтастары. Баку, Әзербайжан, 31 тамыз 2015 жыл.

Хадиджа Исмайылдың соты өтіп жатқан ғимарат алдында тұрған журналистің жақтастары. Баку, Әзербайжан, 31 тамыз 2015 жыл.

Бакуде өтіп жатқан әзербайжандық журналист, Азаттық тілшісі Хадиджа Исмайылдың сотында прокурор айыпталушының соңғы сөзін аяқтамастан үзіп тастады.

Исмайыл сотта өзін Әзербайжан билігінің жоғары тармағындағы коррупцияны зерттегені үшін қудалап жатқанын айтып, "түрмеге түссе де жұмысымды жалғастыра беретінін" мәлімдеді. Журналист Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен басқа да биліктегі жоғары шенді шенеуніктердің аты-жөнін айта бастағанда прокурор соттан Исмайылдың сөзін тоқтатуды талап етті.

Хадиджа Исмайыл өзіне қатысты іс саяси кек алу мақсатында қозғалғанын айтып, тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Айыпталушы соңғы сөзін айтып біткенде, судья бірден үкімін оқуы немесе үкім шығаруға уақыт алып, оны жариялауды басқа күнге қалдыруы мүмкін.

Бұған дейін прокурор Исмайылды 9 жылға соттауды сұраған.

XS
SM
MD
LG