Accessibility links

ИМ Иракта наразы 200 адамды ұстап әкеткен


Ирактың Тикрит қаласындағы ИМ туы. (Көрнекі сурет)

Ирактың Тикрит қаласындағы ИМ туы. (Көрнекі сурет)

Ирактың батысында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы бақылауындағы сүнниттер тұратын Рутбах қаласында ұйым содырлары наразылық танытқан 200-ге тарта адамды ұстап әкетті.

Анбар провинциясында орналасқан қала мэрі Имад әл-Ришауи тұрғындар ИМ содырлары ұстап әкеткен азаматтарды өлтіріп тастауы мүмкін деп алаңдап отырғанын айтады.

Ришауидың сөзінше, Рутбахтағы қарсылық 29 тамызда - ИМ содырлары жергілікті бір тұрғынды өлтіргеннен кейін басталған. 29 тамыз күні кешке жүздеген тұрғын ИМ содырын кек алу үшін өлтірген жергілікті тұрғынның өліміне наразылық танытқан. Наразы тұрғындар өздерін қуып таратпақ болған содырлармен қақтығысып қалған.

Провинция билігі өкілдері содырлар 200-ге тарта адамды ұстап әкетіп, 100-ден астам демонстрантты жазалау үшін бағаналарға бір тәулік бойы байлап қойғанын айтады.

XS
SM
MD
LG