Accessibility links

Назарбаев Пекинде Цзиньпинмен кездесті


Қытай президенті Си Цзиньпин (оң жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 мамыр 2015 жыл.

Қытай президенті Си Цзиньпин (оң жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 мамыр 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Пекинде Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа жаңа кезеңі туралы декларацияға қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос президент кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, несие-қаржы және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерді талқылаған. Бұған қоса халықаралық кейбір мәселелерді де талқылаған.

Назарбаев пен Цзиньпин кездесуінде Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы индустриализация және инвестиция саласында ынтымақтастықты нығайту туралы келісім жобасына, "НҰХ "Бәйтерек" компаниясы мен "CITIC Group" корпорациясы арасында келісімге, "Eurasian Resources Group" корпорациясы мен Қытай мемлекеттік даму банкі арасындағы келісім жобасына қол қойылған.

XS
SM
MD
LG