Accessibility links

Киевтегі жарылыстан бір полицей мерт болды


Парламент үйі алдында жарылыстан жараланған полицейді әкетіп барады. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Парламент үйі алдында жарылыстан жараланған полицейді әкетіп барады. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков бүгін наразылық шеруі кезінде парламент үйін күзетіп тұрған Ұлттық гвардия сарбаздарының бірі қаза тапқанын хабарлады. Аваковтың айтуынша, сарбаз шерушілермен қақтығыс кезінде жарылған әскери граната жарықшағы тиіп мерт болған.

Аваков бұған қоса жарылыстан төрт сарбаз ауыр жараланып, оның біреуі екі аяғының басынан бірдей айырылғанын айтады. Шерушілермен қақтығыста 90-нан астам сарбаз жараланған.

Наразылықтан түсірілген видеода көпшілік арасынан біреу граната лақтырып, жарылыстан украин арнайы жасағының ондаған сарбазы ақсаңдап қалғаны және біреуі жерге құлап түскені көрінеді.

Бүгін Украина парламенті конституцияға Донбастағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймақтарға ерекше мәртебе беру туралы өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берген. Парламент маңына жиналған ондаған шеруші өзгерістер енгізуге наразылық танытып, полициямен қақтығысқан.

XS
SM
MD
LG