Accessibility links

Германия босқын мәселесін шешу жоспарын ұсынады


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель Берлин 24 қыркүйекке дейін елдегі мигрант дағдарысын реттеуге қатысты жоспарын жариялайтынын мәлімдеді.

Болжам бойынша биыл Германия 800 мыңға таяу мигрант қабылдауы мүмкін. Бұл - 2014 жылғы көрсеткіштен және Еуропа Одағының өзге елдерінен де көп.

31 тамызда журналистер алдында сөйлеген Меркель ЕО-ның өзге де елдерін Германияға келген босқындардың бір бөлігін қабылдауға шақырды. Ол ЕО-ның өзге де елдері Жерорта теңізі арқылы мигранттар ағылып келетін Италияға көмектесу қажет дейді.

Меркель бұған Словакия мен басқа да елдерді мұсылман елдерінен келіп жатқан мигранттарды қабылдамағаны үшін сынады. Оның сөзінше, Еуропадағы босқындар дағдарысы ЕО-дағы адамның жалпыға ортақ құқығы идеалдары үшін сынақ болатынын айтты.

БҰҰ-ның дерегінше, 2015 жылы Таяу Шығыс пен Африкадағы соғыс және экономикалық дағдарыстан Еуропаға 300 мың босқын барған.

XS
SM
MD
LG