Accessibility links

US Open: Зарина Дияс жарысты аяқтады


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 35-орында тұрған Зарина Дияс Grand Slam турнирлер қатарына енетін US Open жарысының екінші кезеңіне шыға алмады.

Ол бірінші айналымда словениялық Полона Херцогтан 2:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл жарысқа қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да қатысады. Ол бірінші айналымда украиналық Катерина Бондаренкомен кездеседі.

Осыған дейін ерлер арасында Михаил Кукушкин екінші айналымға шыққан.

XS
SM
MD
LG