Accessibility links

ИМ тағы бір ғибадатхананы қиратты


Бэла ғибадатханасы.

Бэла ғибадатханасы.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Пальмирадағы ежелгі Бэл ғибадатханасын бұзған.

БҰҰ ғарыштан суретке түсірумен айналысатын арнайы бөлімшесі екі мың жыл бұрын салынған ғибадатхана қиратылғанын мәлімдеді. Бұл ғибадатхана ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына енген.

Associated Press агенттігіне сұхбат берген ИМ өкілдерінің бірі храмды жарып жібергендерін айтқан.

Өткен аптада ИМ тобы Пальмирадағы Баал-Шамин ғибадатханасын қиратқан.

ИМ содырлары ежелгі ғибадатханалар мен ескерткіштерді бұзуды "пұтқа табынушылықпен күрес" деп атап жүр.

XS
SM
MD
LG