Accessibility links

Каримов: Өзбекстан әскери-саяси ұйымға мүше болмайды


Өзбекстан президенті Ислам Каримов. (Көрнекі сурет).
Өзбекстан президенті Ислам Каримов. (Көрнекі сурет).

Бүгін Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы ұлттық паркте Өзбекстан тәуелсіздігінің 24 жылдығы тойланып жатыр.

Шара кезінде Өзбекстан президенті Ислам Каримов cөз сөйледі.

Ол өз сөзінде Өзбекстан ешқандай әскери-саяси ұйымдарға мүше болмайтынын, ел территориясына шетелдік әскери базаларды орналастырмайтынын, өз елінің әскерін басқа елге жібермейтінін мәлімдеді.

Алайда Каримов Сурхандария облысындағы орналасқан Германия әскери базасы қандай статусқа ие екені туралы айтпады.

Каримов өз сөзінде Өзбекстан әлемдегі ең тез дамып келе жатқан елдердің бестігіне енетінін де жеткізді.

Өзбекстан жыл сайын 1 қыркүйекте ел тәуелсіздігін атап өтеді.

XS
SM
MD
LG