Accessibility links

Парламенттің кезекті сессиясы ашылды


Парламент депутаттарының отырысы. (Көрнекі сурет).

Парламент депутаттарының отырысы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан депутаттары жазғы каникулдан оралып, қызметтеріне қайта кірісті. Жыл сайын парламент сессиясын ашатын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда сапарда жүруне байланысты биылғы сессияның ашылуына қатысқан жоқ.

Бесінші сессияның бесінші шақырылымын мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов ашты.

Мәжілістің қаржы және бюджеттік комитетінің төрайымы тілшілермен сұхбатында Гүлжан Қарағұсова жаңа сессияға алпысқа жуық жаңа заң жобасы түскенін мәлімдеді. Кей заңдар Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс президент сайлауы алдында жариялаған "100 нақты қадам" және "бес институционалдық реформа" бастамаларына қатысты дайындалған.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, сессияның ашылуына премьер-министр Карим Мәсімов, мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова, президент әкімшілігінің өкілдері, жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми қатысқан.

XS
SM
MD
LG