Accessibility links

Киевте қақтығысқа қатысты 18 адам ұсталды


Шеру кезінде жарылған гранаттан зардап шеккен милиция жасақтары. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Шеру кезінде жарылған гранаттан зардап шеккен милиция жасақтары. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Киевте парламент алдында болған қақтығысқа қатысты 18 адам ұсталды. Ұсталғандар қатарында ішкі істер министрлігінің "Сич" батальонының екі сарбазы бар. Олардың бірі қақтығыста милицияға қарсы әскери граната лақтырды деген күдікке ілінген. Екі сарбаз да таяуда жұмыстан босату туралы рапорт жазған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

31 тамызда парламент алдында Донбастың кейбір аудандарына өзін-өзі басқару құқығын беруге наразылық шеруінде болған қақтығыстан Ұлттық гвардияның бір сарбазы қаза тауып, 130-дан астам қызметкері жараланған. Олардың жетеуінің халі ауыр. Жарылыстан тағы бірнеше журналист зардап шеккен.

Халыққа арнаған үндеуінде президент Петр Порошенко қақтығысты "антиукраиналық акция және ту сыртынан жұдырық сілтеу" деп атады. Ол акцияны ұйымдастырушылардың барлығы жауапқа тартылуы тиіс деп мәлімдеді.

Кеше парламент алдында милиционерлер мен конституцияға билікті орталықсыздандыру туралы өзгерістер енгізбеуді талап еткен жүздеген шерушінің арасында қақтығыс болған. Парламенттегі өзгерістер енгізу туралы заң жобасына дауыс беруден соң демонстранттар парламент ғимаратын басып алмақ болып, милиция жасақтарына түтіндеткіш құты лақтырған. Бұдан соң қалың топ арасынан біреу Ұлттық гвардия милиционерлеріне әскери граната лақтырған.

XS
SM
MD
LG