Accessibility links

Сметов әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты


Қазақстандық дзю-дошы Елдос Сметов.

Қазақстандық дзю-дошы Елдос Сметов.

Халықаралық дзю-до федерациясы (IJF) Астанадағы әлем чемпионатынан кейін әлемдік рейтингті жаңартып, жариялады.

60 килограмда әлем чемпионы атанған Елдос Сметов өз салмағында 2162 ұпаймен бірінші орынға шықты. Сметов өткен айдағы рейтингте 9-орында тұрған. Ал бұрынғы лидер Вон Джин Ким (Оңтүстік Корея) 2150 ұпаймен екінші орынға түсті.

Осы салмақта Астанадағы әлем чемпионатының финалына шыққан Рустам Ибраев 1408 ұпаймен 7-орынға көтерілді.

Әлем чемпионатында 66 килограмда 5-орын алған Елдос Жұмақанов 23-орында тұр. Ал әлем чемпионатында бірінші айналымда жеңіліп қалған Максим Раков оныншы орнын сақтап қалды.

Халықаралық дзю-до федерациясы (IJF) ережесі бойынша олимпиадаға жолдама осы рейтингке байланысты беріледі. 2016 жылдың мамырында жарияланатын соңғы рейтингке сай үздік 22 спортшы олимпиада лицензиясын алады. Алайда әр елден тек бір спортшы ғана жолдама алады. Егер үздік 22 дзю-дошының қатарында бір елден бірнеше спортшы болса, ең жоғары орында тұрғаны жолдама иеленеді.

24-30 тамызда Астанада өткен әлем чемпионатында Қазақстан бір алтын, бір күміс медальмен жалпы есепте төртінші орын алған.

XS
SM
MD
LG