Accessibility links

Постсоветтік елдер басшылары Пекиндегі парадқа қатысады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай президенті Си Цзиньпин. Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай президенті Си Цзиньпин. Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.

Пекинде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толуына арналған мерекелік шараларға дайындық жүріп жатыр. 3 қыркүйек күні Пекинде оң мыңдаған адам қатысатын мерекелік шара болады. Салтанатты шараны Қытай президенті Си Цзиньпин бақылайды.

Шамамен 12 мыңға тарта қытайлық әскери қатысатын әскери парад пен әскери техникалар шеруіне Ресей, Қазақстан, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Беларус басшылары қатысады. Парадқа бұдан өзге арасында ресейлік және қазақстандық әскерилер бар бір мыңға тарта шетелдік сарбаз қатысады.

Жаопния билігі бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунды Пекиндегі әскери парадқа қатысу ниеті үшін сынаған. Пан Ги Мун мамыр айында Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысқан.​

XS
SM
MD
LG