Accessibility links

Киевте Ұлттық гвардияның екінші сарбазы көз жұмды


Ұлттық гвардия сарбаздары жарылыстан жараланған сарбазды әкетіп барады. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Ұлттық гвардия сарбаздары жарылыстан жараланған сарбазды әкетіп барады. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Киевте парламент алдындағы жарылыста жараланған Ұлттық гвардияның екінші сарбазы бүгін көз жұмды. Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков бұл туралы Twitter-де "Дмитрий Сластиков граната жарылған күннің ертеңінде жарақатынан қайтыс болды" деп жазды.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк 31 тамызда болған қақтығысты ұйымдастырды деп әсіре ұлтшыл қозғалыс белсенділерін айыптады. Конституцияға билікті орталықсыздандыру туралы өзгерістер енгізуге қарсы шерушілер кеше Ұлттық гвардия сарбаздарымен қақтығысып, қалың топ арасынан белгісіз біреу әскери граната лақтырған. Жарылыстан Ұлттық гвардияның бір сарбазы қаза тауып, 130-дан астам сарбазы жараланған.

Кеше телеарнадан сөйлеген Яценюк "Наразылық танытқан "Оңшыл сектор" өкілдері патриотизмді желеу етіп ресейшіл сепаратистерден де сорақы әрекет жасағанын" мәлімдеген.

АҚШ, Германия, Еуропа Одағы мен Ресей Киевтегі қақтығысты айыптап, украин депутаттарын Минск келісімі талабы бойынша билікті орталықсыздандыру жұмысын жалғастыра беруге шақырған.

XS
SM
MD
LG