Accessibility links

Хадиджа Исмайыл жеті жарым жылға сотталды


Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.
Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.

Баку соты Әзербайжан билігіндегі коррупцияны зерттеген журналист Хадиджа Исмайылды жеті жарым жылға соттады. Журналист "салықтан жалтарды", заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "қызмет өкілетін теріс пайдаланды" деп айыпталды.

Сот Исмайылға тағылған "кісіні өз-өзіе қол жұмсауға итермелеу" айыбын алып тастады.

Журналист өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, қылмыстық істі "саяси кек алу мақсатында ұйымдастырылған деп" санайды.

Соттың кешегі отырысында судья Исмайылдың соңғы сөзін толық айтып бітпей жатып тоқтатып тастаған. Сот сөзін үзгенге дейін Исмайыл өз мақалалары Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің "мемлекет қаржысын талан-таражға ұшыратуға қатысы барын" дәлелдегенін мәлімдеген. Ол сотта Әзербайжан билігін "репрессия мәшинесі" деп атаған.

Бұған дейін прокурор Исмайылды 9 жылға соттауды сұраған.

XS
SM
MD
LG