Accessibility links

Будапеште мигранттарды вокзалға кіргізбеді


Будапештте темір жол станциясы алдында тұрған мигранттар. Венгрия, 1 қыркүйек 2015 жыл.
Будапештте темір жол станциясы алдында тұрған мигранттар. Венгрия, 1 қыркүйек 2015 жыл.

Будапеште бұған дейін жабылып қалған Келети темір жол вокзалы қайта ашылды, бірақ енді вокзалға мигранттарды кіргізбейді. Мұның алдында мыңға жуық мигрант вокзалдың ашылуын талап етіп демонстрация өткізген.

Будапешт басшылығы Келети вокзалын жауып, ондағы заңсыз жүрген барлық мигрантты эвакуациялаған. Венгрия билігі мұны Еуропа Одағының Еуропада жүретіндерде паспорты мен шенген визасы болуы тиіс деген талабын орындау үшін жасап жатқанын айтады.

Бір күн бұрын Венгрия билігі Будапештегі лагерде жиналып қалған мигранттардың шенген визасы болмаса да сыртқа шығуына рұқсат еткен соң 3 мың 650 адам Венаға кеткен. Германияға бару мүмкіндігін күткендер вокзалда түнеп қалған. Германия өткен аптада Сириядан келген босқындарды қабылдау шартын жеңілдеткен.

Сирия, Ирак, Ауғанстан сияқты соғыс жүріп жатқан аймақтардан шыққан босқындардың көбі батыс Еуропаның Германия, Франция сияқты дамыған елдеріне барғысы келеді.

XS
SM
MD
LG