Accessibility links

Ашраф Ғани коррупциямен күреске шақырды


Ашраф Ғани коррупциямен күрес шараларына арналған конференцияда сөйлеп тұр. Кабул, 1 қыркүйек 2015 жыл.

Ашраф Ғани коррупциямен күрес шараларына арналған конференцияда сөйлеп тұр. Кабул, 1 қыркүйек 2015 жыл.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елде коррупцияға қарсы "қасиетті соғыс" ашуға шақырды. Ғани коррупцияны Ауғанстанның қауіпсіздігіне қатер төндіретін "қатерлі ісік" деп атады.

Кабулда коррупциямен күрес шараларына арналған конференцияда сөйлеген Ғани дін өкілдері азаматтарды коррупциямен күреске шақыруы тиіс деді. Президент үкіметтің коррупциямен күрес шараларын күшейткенін, бірақ оны толық жою үшін уақыт керегін айтты.

Ауғанстан президенті болып сайланғанына бір жылдай уақыт болған Ашраф Ғани елдегі басты мәселелер үкімет келісім-шарттары арқылы алаяқтық жасау, жерді басып алу, заңсыз есірткі тасымалы мен адам саудасы екенін айтты. Оның сөзінше, елде коррупцияны жоюға азаматтардың білімі көмектеседі.

Transparency International халықаралық ұйымы Ауғанстанды әлемдегі коррупция деңгейі ең жоғары елдер тізіміне қосқан. Ауғанстан бұған қоса әлемдегі героин жасауда қолданылатын апиын өндіретін ең ірі ел саналады.

XS
SM
MD
LG