Accessibility links

Ресей Украина дипломатын елден шығарды


Ресей сыртқы істер министрлігінің Қырымдағы өкілдігі. (Көрнекі сурет)
Ресей сыртқы істер министрлігінің Қырымдағы өкілдігі. (Көрнекі сурет)

Ресей сыртқы істер министрлігі Киевтің Украинадағы Ресей дипломатын шығарып жібергенін мәлімдеді. Министрлік мұны Киевтің Ресей дипломатын Украинадан шығарып жіберуіне жауап дейді. Министрлік мәселеге қатывсты бұдан өзге ақпарат бермеді.

Мәскеу мен Киев арасы 2014 жылы наурызда Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін нашарлап кеткен.

Украина шілде айында Одессадағы Рсеей бас консулы міндетін атқарушы дипломатты "дипломат мәртебесіне сай келмейтін қызметпен айналысып, консулдық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы ережелерін бұзған" деп "персона нон грата" деп жариялаған.

XS
SM
MD
LG