Accessibility links

«Аэрофлот» құрамына «Трансаэро» енді


«Аэрофлот» және «Трансаэро» әуе компанияларының ұшақтары. (Көрнекі сурет)
«Аэрофлот» және «Трансаэро» әуе компанияларының ұшақтары. (Көрнекі сурет)

Ресейдегі үлкендігі жағынан екінші әуе компания саналатын «Трансаэро» сол елдің негізгі әуе компаниясы «Аэрофлотпен» бірігеді.

Бұл туралы таратылған ресми ақпаратта Ресей вице-премьері Игорь Шувалов басқарған үкіметтік комиссияда осындай шешім қабылданғаны айтылған. Келісімнің қаржылай қанша соманы құрайтыны жарияланған жоқ.

Ресей экономикасындағы қиын жағдай елдегі әуе тасымалы индустриясына да әсер етіп жатыр. Биылғы жылдың алғашқы жартысында «Трансаэро» компаниясының қарызы бір миллиард долларға жеткен.

XS
SM
MD
LG