Accessibility links

Бүгін Айымбетов ғарышқа ұшады


Айдын Айымбетов. Байқоңыр. 1 қыркүйек, 2015 жыл.
Айдын Айымбетов. Байқоңыр. 1 қыркүйек, 2015 жыл.

Бүгін, 2 қыркүйек Астана уақыты бойынша 10:34-те Байқоңырдан құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов бар экипаж ғарышқа ұшады.

Айымбетовпен бірге ғарышқа ұшатындар қатарында ресейлік Сергей Волков пен Еуропа ғарыш агенттігінің астроновты Андреас Могенсен бар. Олар жерге 12 қыркүйекте қайтып келеді.

30 тамызда Байқоңыр ғарыш айлағында Ресейдің «Союз-ФГ» зымыран тасығышы құрастырылған. Айымбетов бар экипаж «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен ұшырылады.

Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапарының шығынын Қазақстан тарапы төлейтіні бұған дейін хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG