Accessibility links

ЕО Ресейге санкцияны алдағы көктемге дейін созбақ


Мәскеудегі Кремль. (Көрнекі сурет)
Мәскеудегі Кремль. (Көрнекі сурет)

Бүгін Еуропа одағы (ЕО) ресейлік 200 компания мен заңды тұлғаларға қатысты санкция мерзімін 2016 жылдың наурызына дейін созу туралы шешім қабылдамақшы. ЕО осы шешім арқылы Минск келісімінің орындалуын қамтамасыз етуді көздейді.

ЕО-ның Ресейге бұған дейін салған санкциясының мерзімі 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс.

ЕО санкция тізіміне енгізілген 151 адамның көбі – бизнесмендер, депутаттар және Украина шығысындағы сепаратистер лидерлері. Бұл тізімге Ресей президенті Владимир Путин мен министрлер кірмеген. Бірақ, тізімде Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Козак, президенттің көмекшісі Владислав Сурков бар.

ЕО санкциясы тізіміне енгендердің бірі қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG