Accessibility links

Путин: санкциялар Мәскеу мен Пекинді жақындатты


Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 1 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 1 қыркүйек 2015 жыл.

Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары ресейлік бизнесті Қытаймен байланысты тереңдетуге ынталандырды деп мәлімдеді сейсенбіде, Қытайға екі күндік ресми сапары қарсаңында Ресей президенті Владимир Путин.

«Бұл біздің отандық бизнесті Қытаймен тұрақты іскерлік байланыстарды дамытуға ынталандырады. 2010 жылдан бері Қытай Ресейдің негізгі сауда әріптесі болып табылады. 2014 жылы, әлемдік экономикадағы қолайсыз үрдістерге қарамастан, біз [екі ел арасында] сауда айналымын кемітпеуге қол жеткізе алдық, оның көлемі 88,4 миллиард долларды құрады» деп мәлімдеген Путин ресейлік ТАСС және қытайлық Xinhua агенттіктеріне сұхбатында.

Путин бұл жолғы Қытайға сапары барысында Мәскеу мен Пекин арасында жасалынғалы отырған 30-ға жуық екіжақты келісімдер қандай салаларды қамтитынын айтқан. Оның сөзінше, Пекинмен әріптестіктің басты бағыттардың бірі – аса шапшаң поез магистралі құрылысын қаржыландыру болмақ. Путин екі елдің АҚШ долларын пайдаланбай, өздерінің ұлттық валюталарымен өзара есеп айырысуды енгізу мәселесін де талқылап жатқандарын айтқан.

Әлемде шикізатқа, соның ішінде мұнайға қатысты сауда келісімдерін АҚШ долларымен жүргізу ережесінің қалыптасуы доллардың әлемдік резервтік валюта ретінде қолданыста болуын қамтамасыз етіп отыр. Бұған дейін Мәскеу мен Пекин осы қалыптасқан ережені өзгерткісі келетіндерін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG