Accessibility links

Теңгенің долларға бағамы тағы түсті


Ақша айырбастайтын жерде тұрған адамдар. Алматы, 20 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Ақша айырбастайтын жерде тұрған адамдар. Алматы, 20 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан қор биржасындағы сәрсенбідегі таңертеңгі сауда нәтижесі бойынша, АҚШ долларының орташа бағамы кешегі таңертеңгі сауда қортындысымен салыстырғанда 6,21 теңгеге қымбаттап, 241, 15 теңгені құраған.

Тамыздың 20-сы күні таңертең Қазақстан үкіметі теңге бағамы еркіне жіберілгенін хабарлаған соң, іле-шала сол күнгі қор биржасындағы саудада АҚШ долларының бағамы 255,26 теңгеге жеткен еді. Кейінірек теңге аздап нығайған.

Қазақстан ұлттық банкі өткен аптада қор биржасындағы саудаға араласпайтынын, валюталық интервенциялар жүргібейтінін және теңгенің айырбас бағамы нарық жолымен айқындалатыны туралы мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG