Accessibility links

Иракта Түркияның 16 азаматын ұрлап әкетті


Ирак қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. (Көрнекі сурет)

Ирак қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. (Көрнекі сурет)

Бағдадта бүгін бетперде киген белгісіз адамдар Түркияның 16 азаматын ұрлап әкетті деп хабарлайды Ирак билігі.

Ирак ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саад Маанның айтуынша, 16 түрік жұмысшысын белгісіз бір топ адам бүгін таңертең Хабибия қаласы маңында ұрлап әкеткен. Ирак қауіпсіздік күштерінің өкілдері Түркия азаматтары спорт кешенін салып жатқан түркиялық компания құрылысшылары екенін айтады.

Әзірге бір де бір ұйым адам ұрлауға қатысты жауапкершілікті мойнына алмады.

Өткен жылы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы Мосул қаласында Түркияның 46 азаматын ұрлап әкеткен. Олар кепілге алынғаннан үш айдан кейін босатылған.

XS
SM
MD
LG