Accessibility links

Суламбек Баркинхоевты қамау мерзімі ұзарды


"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет)

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет)

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевты қамау мерзімі бір айға ұзарды деп хабарлайды бүгін Астана қалалық соты.

Астананың Алматы аудандық 2-соты тергеушінің сұрауы бойынша "бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікке ілінген Баркинхоевты қамау мерзімін 17 қазанға дейін ұзартқан.

Баркинхоевтан өзге "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, компанияның құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов те коррупциялық қылмыстарға қатысты күдікпен қамауда отыр. Компанияның топ-менеджерлері маусым айында ұсталған.

XS
SM
MD
LG