Accessibility links

НАТО Шығыс Еуропадағы орталықтарын іске қосады


НАТО-ның Тбилиси түбінде ашылған жаттығу орталығы. Грузия, 27 тамыз 2015 жыл.

НАТО-ның Тбилиси түбінде ашылған жаттығу орталығы. Грузия, 27 тамыз 2015 жыл.

НАТО Шығыс Еуропада орналасқан алты қолбасшылық орталығы Ресей тарапынан төнетін қауіпке байланысты қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастағанын хабарлады.

Бұған дейін НАТО қауіпті басқыншыларды тежеу және өз одақтастарының қауіпсіздігіне кепілдік берілетініне сендіру үшін бірнеше шара жасаған.

НАТО-ның Болгария, Эстония, Латвия, Литва, Польша мен Румынияда орналасқан алты орталығы құрлықта әскери жаттығулар жүргізген кезде және операцияларды жоспарлағанда пайдаланылады. Жоспар бойынша жыл соңына қарай әр орталықта шамамен 40 қызметкер жұмыс істейді. "Олар жұмысын бастаған, бірақ әлі толық қуатында жұмысқа кіріспеген еді" деді НАТО-ның баспасөз хатшысы.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг ертең альянстың Литвадағы қолбасшылық орталығын ашуға барады.

"НАТО күштерін интеграциялау орталығын" ашу туралы шешім өткен жылдың қыркүйек айында Уэльсте өткен саммитте қабылданған. Қолбасшылық орталықтар НАТО-ның келесі жылы шілдеде Польшада өтетін саммитіне дейін толық іске қосылады деп жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG