Accessibility links

Оралда тарифтердің қымбаттауына қарсы коалиция құрылды


Азаматтық белсенділер коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауына қарсы коалиция құруға жиналып отыр. Орал, 2 қыркүйек 2015 жыл.
Азаматтық белсенділер коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауына қарсы коалиция құруға жиналып отыр. Орал, 2 қыркүйек 2015 жыл.

Оралда бір топ азаматтық белсенді бүгін "Абырой" қоғамдық ұйымының кеңсесінде жиналып, "Тарифтердің қымбаттауына қарсы" коалиция құруға шешім қабылдады.

Белсенділер 4 қыркүйекте рұқсат етілген митинг өткізуге өтініш беруді жоспарлап отыр. Бастамашылдардың бірі, блогер Асқар Шайғұмаровтың айтуынша, белсенділер митинг жергілікті билік пен монополистерге Оралда су, газ бен электр қуаты тарифтерінің қымбаттауына наразылар бар екенін көрсетуді көздейді.

27 тамызда жергілікті "Батыс Энергоресурстары" компаниясы электр қуаты бағасын 26 пайызға қымбаттатқан.

XS
SM
MD
LG