Accessibility links

Медведев: Медицина жабдықтарына тыйым салмаймыз


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев шетелде жасалған медициналық кез-келген өнімге тыйым салу туралы шешім "медицина саласындағы сарапшылармен кеңесіп, әбден салмақтанған соң ғана қабылданатынын" мәлімдеді.

Медведев 2 қыркүйекте Facebook-тегі жазбасында медициналық тауарларды импорттауға тыйым "Ресейде отандық өнімдеріміздің сапасы мен бағасы шетелдік тауарды алмастыра алатынына жүз пайызға көз жетпейінше" салынбайтынын айтты.

Өткен айда Ресейдің индустрия және сауда министрлігі МРТ, рентген, ультрадыбыстық аппараттары, дефибрилляторлар, жаңа туған сәбилерге арналған аппараттар, өкпеге жасанды жолмен жел беретін аппарат, протездер мен стерильді таңғыштар, ортопедиялық матрастар, балдақтарды импорттауға тыйым салу жоспарын ұсынған.

Бұл ұсыныс Ресей қоғамы мен медициналық сала мамандары арасында қарсылыққа ұшырап, 10 мыңнан астам адам дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды импорттауды шектеуге қарсы петицияға қол қойған.

XS
SM
MD
LG