Accessibility links

Вена полициясы босқындар тиеген жүк көлігін ұстады


Венадағы босқындарды қолдаған шеру. Австрия, 31 тамыз 2015 жыл.

Венадағы босқындарды қолдаған шеру. Австрия, 31 тамыз 2015 жыл.

Вена полициясы бортында Ауғанстаннан шыққан 24 босқын жасырынған жүк көлігін ұстады. Австриялық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, полиция босқындар отырған, сыртына мөр соғылған жүк көлігін тоқтатқан. Босқындар өміріне қауіп төніп тұрмағанымен, ауа жетпей тұншығу қаупі болған.

Полиция өкілдері жүк көлігі Австрияға Венгриядан келген деп санайды. Көлік жүргізушісі қашып кетпек болғанымен, полицияға ұсталған.

Бүгін Венгрияда Будапештегі Келети теміржол станциясында жүздеген мигрант өздерін станцияға кіргізіп, батыс Еуропа елдеріне баратын пойыздарға жіберуді талап етіп екінші күн наразылық танытты. Кеше Венгрия билігі шенген визасы жоқ мигранттарды станциядан шығарып жіберген.

Биыл жазда Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен шыққан он мыңдаған босқын Еуропаға кетіп жатыр. Кейбір әлемдік ақпарат құралдары Еуропаға Екінші дүниежүзілік соғыс пен 1990 жылдардағы Балқан соғысынан бері биылғыдай көп босқын келмеген дейді.

XS
SM
MD
LG