Accessibility links

ЕО Ресейге санкцияны 6 айға ұзартатын болды


Кремль. (Көрнекі сурет)
Кремль. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағы ресейлік 200 компания мен заңды тұлға және Украина шығысындағы сепаратистерге қатысты санкция мерзімін 2016 жылдың наурызына дейін созу туралы шешім қабылдады.

ЕО елшілерінің жиынында қабылданған шешім бойынша, санкция 2016 жылғы наурыздың ортасына дейін созылады. Шешімді енді қыркүйектің ортасында ЕО министрлері бекітуі тиіс. ЕО осы шешім арқылы Мәскеуді Минск келісімін орындауға мәжбүрлеуді көздейді.

ЕО-ның Ресейге бұған дейін салған санкциясының мерзімі 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс.

ЕО санкция тізіміне енгізілген 151 адамның көбі – бизнесмендер, депутаттар және Украина шығысындағы сепаратистер лидерлері. Бұл тізімге Ресей президенті Владимир Путин мен министрлер кірмеген. Бірақ, тізімде Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Козак, президенттің көмекшісі Владислав Сурков бар. Тізімде бұған қоса Мәскеу Қырымды аннексиялағанда тәркілеген 13 заңды тұлға мен өзге 37 компания бар.

ЕО санкциясы тізіміне енгендердің бірі қайтыс болған.

ЕО санкцияны аталған тұлғалар мен компаниялардың Украинаның территориялық біртұтастығына қол сұққаны үшін салған.

XS
SM
MD
LG