Accessibility links

Сот Джемилевтің ұлының жазасын жеңілдетті


Қырым татарларының жетекшісі Мұстафа Джемилевтің ұлы Хайсер Джемилев.
Қырым татарларының жетекшісі Мұстафа Джемилевтің ұлы Хайсер Джемилев.

Ресей жоғарғы соты Қырым татарларының жетекшісі, Украина парламентінің депутаты Мұстафа Джемилевтің ұлы Хайсер Джемилевке шыққан үкімді жеңілдетті. Джемилевтің адвокаты Николай Полозовтың Twitter-де хабарлауынша, сот "абайсызда кісі өлтірді" деген айыппен бес жылға сотталған Джемилевтің жаза мерзімін үш жарым жылға дейін қысқартқан. Полозов бұған дейін сот үкіміне шағым түсірген еді.

Бүгінгі сот отырысында адвокат Джемилевке жаза Украинада кесілгенін, бірақ Қырым аннексияланғаннан соң қылмыстық іс Краснодар өлкелік сотына жөнелтілгенін айтып, үкімді толық жоюды сұраған. Айыптаушы жақ халықаралық заңдар бұзылмағанын және ресейлік тергеу орындары қылмыстық іспен тергеу кезінен бері айналысқанын айтты.

Маусым айында Краснодарда сотында өткен процесте алқа соты Хайсер Джемилевті "абайсызда кісі өлтірді" және "қару-жарақ сақтады" деген айыптармен кінәлі деп тауып, бес жылға соттаған. Ал негізгі "бұзақылық пиғылмен қасақана кісі өлтіру" айыбы алынып тасталған.

Тергеу деректері бойынша, Джемилев 2013 жылдың мамырында үйінің алдында қаруымен абайсызда танысын атып өлтіріп қойған. Сотта Джемилев өз кінәсін толық мойындаған.

XS
SM
MD
LG