Accessibility links

US Open: Кукушкин үшінші айналымға шықты


Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин.
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин.

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 56-орында тұрған Михаил Кукушкин Grand Slam жарысының қатарына енетін US Open жарысының үшінші айналымына шықты.

Ол екінші кезеңде болгариялық спортшы, әлемнің 17-ракеткасы Григор Димитровты 6:3, 7:6, 2:6, және 4:6, 6:4 есебімен жеңген.

Енді қазақстандық теннисші үшінші айналымда Хорватия өкілі, әлемнің 9-ракеткасы Марин Чиличпен ойнайды.

Михаил Кукушкин спорттық карьерасында екінші рет бұл жарыстың үшінші кезеңіне шығып отыр. Алғаш рет ол 2013 жылы үшінші кезеңге дейін жетіп, испандық Давид Феррерден жеңіліп қалған еді.

XS
SM
MD
LG