Accessibility links

Ресей БҰҰ ҚК-дегі вето құқығын шектеу ұсынысына қарсы


БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин (ортада) Малайзия жолаушылар ұшағы апатына қатысы барларды соттау үшін трибунал құру туралы қарар жобасына қарсы дауыс беріп отыр.
БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин (ортада) Малайзия жолаушылар ұшағы апатына қатысы барларды соттау үшін трибунал құру туралы қарар жобасына қарсы дауыс беріп отыр.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде (ҚК) вето құқығын пайдалануды шектеу туралы Францияның ұсынысына Ресей қарсы шықты.

ҚК-нің өзге мүшелері АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Ресейге жаппай қырып-жоюға қарсы БҰҰ тарапынан іс-әрекет қажет болған жағдайда вето құқығын пайдалануды шектей тұруды ұсынған Париждің бастамасын «популистік» деп атаған Мәскеу оны қолдамайтынын мәлімдеді.

Шілде айында Мәскеу БҰҰ ҚК қарауына ұсынылған екі қарар жобасына – Босниялық Сребренницада 20 жыл бұрын болған қырғынды геноцид деп тануға және 2014 жылы жазда Украинаның шығысында Малайзия жолаушылар ұшағының құлауына қатысы бар адамдарды соттау үшін халықаралық трибунал құруға қарсылық білдіріп, вето қойған еді.

XS
SM
MD
LG