Accessibility links

Украина Ресейді әскери қарсылас деп жариялады


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі сәрсенбі күні қабылдаған жаңа әскери доктринада Ресей "әскери қарсылас" деп жарияланып, елдің басым бағыттарының бірі ретінде НАТО ұйымына мүше болу мақсаты белгіленген. Бұл доктринаға қатысты әзірше Мәскеу тарапынан ресми мәлімдемелер айтылған жоқ.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі ұсынған жаңа әскери доктрина ел президенті Петр Порошенкоға қол қоюға берілген.

Қауіпсіздік кеңесіндегі кездесуде президент Порошенко жаңа құжат «Ресейді Украинаның әскери қарсыласы деп ресми түрде жариялап қана қоймай, сонымен бірге Киевтің алдына елдің шығысы мен оңтүстігінде қажетті әскери инфрақұрылымдар құрып, әскер қанатын жаю міндетін қоятынын» мәлімдеген. Порошенконың сөзінше, 2020 жылға қарай НАТО мүшелігіне қол жеткізу үшін Украина армиясы альянс стандартына сай болуға ұмтылуы тиіс.

XS
SM
MD
LG