Accessibility links

Назарбаев Пекиндегі парадқа қатысты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта), Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе (ортада, төменгі қатарда), Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта), Қытай президенті Си Цзиньпинь (ортада, жоғарыда) Пекиндегі парад кезінде. 3 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қытай астанасында Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арнап үлкен салтанатпен өткізілген парадқа қатысты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңындағы 12 мыңнан аса қытай әскери қызметшілері, көптеген әскери техника түрлері қатысқан парадты Қытай президенті Си Цзиньпиньмен бірге осы шараға арнайы шақырылған 20-дан аса шетелдік мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері тамашалауға жиналған. Олардың арасында Ресей президенті Владимир Путин, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, сонымен бірге Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан мен Тәжікстан елдерінің басшылары бар.

Пекиндегі бүгінгі парадқа мыңға жуық шетелдік әскерилер арасында Қазақстан әскери қызметкерлері де қатысқан.

Бірқатар шет мемлекеттердің басшылары, солардың арасында АҚШ президенті Барак Обама, Германия канцлері Ангела Меркель және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Пекиндегі парадқа барған жоқ.

XS
SM
MD
LG