Accessibility links

Ресей: АҚШ санкциясына қарсы жауап болады


Мәскеу Кремлі. (Көрнекі сурет)

Мәскеу Кремлі. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың санкциялар тізіміндегі ресейлік азаматтар қатарын ұлғайтып, Иран, Солтүстік Корея және Сирияға қару-жарақ беруге тыйым салатын заң аясында ресейлік қару-жарақ экспорттаушы кәсіпорындарға санкциялар енгізуіне жауап ретінде Мәскеу қарсы шаралар қабылдауға уәде етті.

Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың санкциялар тізімін кеңейту туралы шешімін «дұшпандық іс-әрекеттің кезекті элементі» деп атап, оның «халықаралық тұрақтылыққа елеулі салдары болатыны және бір ұшы АҚШ-тың өзіне қайтып тиетіні» туралы мәлімдеген.

«Мұндай парасатсыз бағыт тіпті АҚШ одақтастары арасында алаңдаушылық туғызады. Бұған біздің тарапымыздан жауап шаралар болады» делінген Ресей СІМ мәлімдемесінде.

Бұған дейін АҚШ Украинадағы қарулы жанжалға қатысты іс-әрекеті үшін Ресейге қарсы салған санкциялар тізіміне тағы 29 адамды қосқан еді. Бұған қоса АҚШ билігі Иран, Солтүстік Корея және Сирияға қару-жарақ беруге тыйым салатын заңға сәйкес, қару экспорттайтын ресейлік бірқатар ірі кәсіпорындарға қарсы жаңа санкциялар енгізген.

XS
SM
MD
LG