Accessibility links

Пентагон: Аляска маңында Қытай әскери кемелері жүр


АҚШ президенті Барак Обама Аляска жағалауы маңында кемеде тұр. 1 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Аляска жағалауы маңында кемеде тұр. 1 қыркүйек 2015 жыл.

Қытайдың бес әскери кемесі Беринг теңізіне еніп, Аляска жағалауына тақау бейтарап аймақта жүзіп жүргені туралы сәрсенбі күні АҚШ қорғаныс министрлігі өкілдері мәлімдеген. Олар солтүстіктегі аталған аумаққа дейін қытай әскери-теңіз күштері кемелері алғаш рет жеткенін айтады. Бұл оқиға АҚШ президенті Барак Обаманың Аляскаға сапарымен тұспа-тұс келген.

АҚШ жаңалық агенттіктеріне сұхбатында Пентагондағы аты-жөні аталмаған ақпарат көздері, қытай кемелері халықаралық ережелер мен заңдар аясында әрекет етіп отырғанын айтқан. «Біз барлық мемлекеттердің әскери кемелерімен теңіздің халықаралық бөлігіне жататын аймағында халықаралық заңға сай еркін жүзу құқығын құрметтейміз» деген Пентагонның баспасөз хатшысы Джефф Дэйвис.

Ақ үй өкілі қытай әскери кемелері тарапынан ешқандай дұшпандық іс-әрекеттер байқалмағанын, бірақ «олардың ниеті әзірше түсініксіз» екенін мәлімдеген.

Reuters агенттігі сөзін келтірген Вашингтондағы Heritage қорының сарапшысы бұны «АҚШ-қа Қытай әскери-теңіз күштерінің жаңа мүмкіндіктерін көрсетіп, ғаламдық ойыншы атанудан кетәрі еместігін білдіруді көздейтін символикалық акция» деп атаған.

XS
SM
MD
LG