Accessibility links

Си Цзиньпин: Қытай үстемдікке ұмтылмайды


Қытай президенті Си Цзиньпин (ортада) елдің бұрынғы президенті Цзянь Цзэминмен (оң жақта) сөйлесіп тұр. Пекин, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Қытай президенті Си Цзиньпин (ортада) елдің бұрынғы президенті Цзянь Цзэминмен (оң жақта) сөйлесіп тұр. Пекин, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арнап Қытай астанасындағы Тяньаньмэнь алаңында бүгін үлкен салтанатпен өткізілген парад кезіндегі сөзінде Қытай президенті Си Цзиньпин Қытай «ешқашан үстемдікке немесе өктем болуға ұмтылмайды» деп мәлімдеген.

Си Цзиньпин бүгінгі парадқа қатысқан Қытайдың жоғары лауазымды тұлғалары мен бірқатар шет мемлекеттер басшылары және халықаралық ұйымдар жетекшілері алдында сөйлеген. Олардың арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин және басқалар бар.

Си Цзинпин сонымен бірге Қытай армиясындағы әскерилер саны 300 мың адамға қысқаратыны туралы мәлімдеген. Бірақ, қысқарту мерзімі қай кезеңге дейін жоспарланып отырғаны жайлы нақты айтпаған.

Қазіргі кезде әлемде саны жағынан ең үлкен Қытай армиясы сапында 2,3 миллионға дейін адам бар. Қытай қорғаныс бюджеті көлемі жағынан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

Пекиндегі парадқа 12 мыңдай қытай әскери қызметшілері және 200-ге жуық әскери техника түрлері қатысқан. Қытай билігінің мәлімдеуінше, отандық қару-жарақ соңғы үлгідегі технологиялардың көмегімен жасалған. Сонымен бірге, Пекиндегі бүгінгі парадқа мыңға жуық шетелдік әскерилер арасында Қазақстан әскери қызметкерлері де қатысқан.

Пекиннің әскери қуатын күшейтуіне және Оңтүстік-Қытай теңізі аумағындағы даулы территорияларға қатысты жүргізіп отырған саясатына алаңдайтын АҚШ, Жапония және өзге бірқатар демократиялық мемлекеттер басшылары бүгін Қытай астанасында өткен парадқа барған жоқ.

XS
SM
MD
LG