Accessibility links

БҰҰ: Таяу Шығыста 13,7 миллион бала білім ала алмайды


Иорданиядағы босқындар лагерінде тұрып жатқан сириялық балалар. (Көрнекі сурет)
Иорданиядағы босқындар лагерінде тұрып жатқан сириялық балалар. (Көрнекі сурет)

БҰҰ-ның балалар ісі жөніндегі ЮНИСЕФ қоры бүгін Таяу Шығыстағы қақтығыстар салдарынан 13 миллион 700 мың бала білім алу мүмкіндігінен айырылғанын хабарлады. ЮНИСЕФ-тің дерегінше, бұл сан Сирия, Ирак, Йемен, Ливия мен Судандағы мектеп жасындағы балалардың 40 пайызын құрайды. Болжам бойынша, аталған аймақтарда қақтығыс күшейгендіктен алдағы айларда білім алу мүмкіндігінен айырылған балалар саны өсуі мүмкін.

"Соғыс кезіндегі білім" деп аталатын есебінде ЮНИСЕФ Сирия, Ирак, Йемен және Ливияда 9 мыңға тарта мектеп пайдалануға жарамайтынын айтады.

Қор мәліметіне қарағанда, 2014 жылы Сирия, Ирак, Ливия, Судан, Йемен және Палестина территориясындағы мектептерге 214 рет шабуыл жасалған.

ЮНИСЕФ аталған елдерде мектеп жасындағы балалардың білім алудан үміті мен келешегіне "үлкен соққы жасалғанын" айтады. Қор балалардың білім алуына барынша мүмкіндік жасау үшін биыл қосымша 300 миллион АҚШ доллары қажет дейді.

XS
SM
MD
LG